locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Оралхан Өміртаев: "Құрама сапында ойнау - үлкен мәртебе, Норвегияға қарсы ойын маңызды болады"

Футбол 04 қыр 2024 11:55
Люба Рябинина
Люба Рябинина
sports24 сарапшы
Оралхан Өміртаев: "Құрама сапында ойнау - үлкен мәртебе, Норвегияға қарсы ойын маңызды болады"

Қазақстан құрамасының және БАТЭ ойыншысы Оралхан Өміртаев ұлттық құрамаға оралу бақыты және Норвегияға қарсы ойын жайлы пікірімен бөлісті.

"Әрине, құрамаға оралғаныма қуаныштымын. Бұл әр футболшы үшін арман және мақсат. Өз еліңнің намысын қорғау үлкен бақыт. Барлығы мені жақсы қарсы алды. Көп жігіттерді бұрыннан танимын. Бүгін ОЖЖ-ның үшінші күні, бапкер қойған тактика және тапсырмаларды орындап жүрміз", - деді Өміртаев.

Ол Норвегияға қарсы ойын қиын сынақ болатынын айта кетті:

"Норвегия Еуропадағы мықты құрамалардың бірі. Олардың көп ойыншылары топ-5 лигада өнер көрсетеді. Бірнеше ойыншысы топ деңгейде ойнайды"