locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Оралхан ӨМІРТАЕВ: “Белорусь елінде жалақы аз төлейді”

Футбол 18 қаз 2024 12:25
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО:  Getty images
Оралхан ӨМІРТАЕВ: “Белорусь елінде жалақы аз төлейді”

“БАТЭ” командасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев, Белоруссия чемпионатындағы перспективаларымен, жалақы жайлы айтты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Оралхан Қарағандылық “Шахтер” командасының түлегі. Қазақстанның бірнеше командаларында өнер көрсеткен шабуылшы, осы жылы Белоруссия чемпионатына жол тартты. Алдымен, “Слуцк” командасымен келісім-шартқа отырып, кейін “БАТЭ” клубының сапына ауысты. Шабуылшының айтуынша, Белоруссиядан, деңгейі мықты чемпионаттардың бірі ауысуға мүмкіндік бар.

“Нақты айта аламын, Беларуське көптеген легионерлер өздерін көрсету және одан әрі мықты чемпионатқа кету үшін келеді. Мұнда жас қазақстандықтар ойнап жатыр, және мен оларға қорықпай, келіп, өз күштерін сынап, әртүрлі деңгейде өздерін көрсетуге тырысуын айтқым келеді”.

Оралханның сөзінше, Белоруссия чемпионатында жалақыны аз төлейді. Алайда, жас футболшыларға мансабының басында қаражатқа қатты назар аудамарған жөн деп кеңес берді.

"Беларусь чемпионатында жалақылар аз, сондықтан карьерасының басында жас футболшылар ақшаға назар аудармауы керек. Мұнда маңыздысы – осы жерден жоғары деңгейге кетіп, үлкен футболға қарай үлкен қадам жасауға болады. Өзбекстандық қорғаушы Хусановтың жақында “Ланс” клубына ауысуы соған дәлел”, – деп бөлісті Өміртаев.

Қазақстандық шабуылшы Беларусь чемпионатында 21 ойында сегіз гол соқты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie