locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында легионерлер арасында рекорд орнатты

Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында легионерлер арасында рекорд орнатты
Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында легионерлер арасында рекорд орнатты

Борисовтық БАТЭ командасының 26 жастағы қазақстандық шабуылшысы Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында ауыстырылымнан арқылы алаңға шыққаннан кейін жеті гол соққан алғашқы шетелдік ойыншы атанды.

“Славия” командасын сырт алаңда жеңіске жеткізген (3:2) Өміртаев қазіргі Беларусь чемпионатының басты “джокері” атағы үшін Максим Скавыштың негізгі бәсекелесі болып табылады. Қазіргі уақытта олардың екеуінің еншісінде алмастырудан кейін соғылған 7 голы бар. Бұдан бөлек, алмастыру арқылы шыққан футболшылар арасында “гол + пас” жүйесі бойынша Өміртаев көш бастап тұр - 8 (7+1) ұпай жинады.

Беларусь чемпионаттары тарихында жаттықтырушылар “қосалқы құрамнан” шығарған ойыншылардың бір маусымда 7 немесе одан да көп гол соғуы тек алты рет тіркелген.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie