locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Онтүстіктің» үш талантты ойыншысы «Ордабасымен» келісімшартқа қол қойды

Әли Тұрғанов, Біржан Тоқтыбай және Мағжан Тоқтыбай Бірінші лигада ойынын жалғастырады
Футбол 23 мау 2025 06:45
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Онтүстіктің» үш талантты ойыншысы «Ордабасымен» келісімшартқа қол қойды
ФОТО: fc__ordabasy инстаграм парақшасынан

Шымкенттің «Ордабасы» клубы үш жас түлегі - Әли Тұрғанов, Біржан Тоқтыбай және Мағжан Тоқтыбаймен кәсіби келісімшартқа қол қойды.

Қазір үшеуі де Бірінші лигада «Онтүстік» клубының намысын қорғап, команданың маңызды ойыншыларының қатарында жүр.

Әли Тұрғанов ағымдағы маусымда 9 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген. Мағжан Тоқтыбай 10 кездесуде 10 нәтижелі әрекетке қол жеткізді - 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас асырды. Оның ағасы Біржан Тоқтыбай да 10 матчқа қатысып, 6 гол соқты және бір нәтижелі пас тіркеді.

Сонымен қатар, Әли Тұрғанов пен Мағжан Тоқтыбай Қазақстанның U‑21 жастар құрамасына шақыру алып, жақын арада еліміздің намысын Еуропа алаңдарында қорғайтын болады.

Осы маусымның соңына дейін ойыншылар «Онтүстік» клубында өнер көрсетуді жалғастырады, ал келесі маусымнан бастап ресми түрде «Ордабасы» клубының негізгі құрамына қосылады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie