locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Олжас Байбосынов: “Әбікен “крышаң” кім?”

Футбол 13 қаз 2024 01:50
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО:  Getty images
Олжас БАЙБОСЫНОВ: "Айбол кто тебя крышует?"

Белгілі спорт комментаторы Олжас Байбосынов, Ұлттық құраманың Аустрияға қарсы ойынға бастапқы құрамда шыққан жартылай қорғаушы Айбол Әбікенді қатты сыңға алды.

-Айбол сен ренжеме. Бірақ, саған айтылған сынның бәрі орынды. Саған бір сұрақ. Қандай оймен сені Ұлттық құрамаға шақырды. Екі жыл допингпен футбол ойнамаған бала. Айбол сен маған айтшы, кім сенің “Крышаң”

Айбол осыдан екі жыл бұрын допингпен басы дауға қалған болатын. Екі жыл футболдан шеттетіліп, жақында “Ордабасы” сапында мансабын қайта жандандырды.

Тағы бір белгілі спорт журналисі Ермұхаммед Мәулен керісенше, Айболды жақтады. Футболшының ұлттық құрама сапындағы нәтижелерін алға тартып, тізбекеп айтты.

- Ол араға 2 жыл салып ұлттық құрама сапына қайта келіп отыр. Мұндай кезде ең маңызды деген орталық алаңда ойнайтын жартылай қорғаушыға қолдау қажет еді ғой. Жоқ, біз болсақ керісінше жерден алып, жерге саламыз. Кезінде еңбегі бар еді, ұлттық құрамаға әлі де берері мол қазақтың баласы еді ғой деу атымен жоқ.

Әбікен Қазақстан құрамасына 2019 жылдан бастап шақырту ала бастады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie