locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Олимпиада қортындысы

Олимпиада қортындысы
Олимпиада қортындысы

Әміре Қашаубаев ән шырқаған Парижде өткен Олимпиада ойындарынан Қазақстан спортшылары қандай жетістік әкелді?

Парижге еліміздің намысын қорғап спорттың 25 түрі бойынша 92 лицензия алған 80 спортшы қатысты. 80 спортшы арасынан бұл айтулы спорт жарысында тек 7 спортшы ғана жүлде иегері атана алды.

Алтын

Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы бірінші және жалғыз алтынын Елдос Сметов алды.60 келі салмақта сынға түскен Елдос Сметов финалдық бәсекеде франциялық Лука Мхеидзені жеңіп, Париж Олимпиадасында Қазақстанның әнұран шырқатты.

Күміс

Қазақстан үшін Олимпиаданың басты жаңалығы тұғырдың екінші сатысына көтерілген гимнаст Нариман Құрбанов болды. Спортшы финалда ат үстінде жаттығуды сәтті жасады . Өз өнерін сәтті орындағаны үшін ол 15.433 ұпай жинады, бұл оған екінші орын алуға жеткілікті болды. Нариман алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысты. Оның медалі Қазақстан тарихында Олимпиадада спорттық гимнастикада жеңіп алған алғашқы медаль болды. 16 жыл бойы күрес спортынан финал көрмеген қазақстандықтарға Демеу Жадыраев дем берді. Қазақ балуаны Париждегі Олимпиада ойындарында 1/4 финалда екі дүркін әлем чемпионы қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовты жарыс жолынан шығарып, сенсация орнатты. Жартылай финалда әзербайжандық Санан Сулеймановты 6:1 есебімен жеңіп, финалға сенімді жолдама алды. Финалдық бәсеке де жапондық Нао Кусакамен кездесіп, есе жіберіп алды .Демеу жеңіліске ұшырағанымен күміс жүлдені Қазақстан қоржынына салды. Ерлер арасындағы бокстан Олимпиадаға Қазақстан атынан 7 спортшымыз барды. Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін) және еліміздің үміт артқан, Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев (92+ келіге дейін)пен Олимпиада да еліміздің көк туын ұстап шыққан құрама капитаны Асланбек Шымбергенов 1/8 финалдан қайтса, Айбек Оралбай(92 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келіге дейін) және Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) 1/4 финалда Олимпиада ойындарын аяқтады. 7 боксшы ішінен тек Нұрбек Оралбай ғана суырылып шыға алды. 80 келі салмақта бақ сынасқан Нұрбек Оралбай Олимпиада ойындарының күміс иегері атанды.

Қола

Олимпиада ойындары басталғаннан күннен бастап екі спортшы Қазақстанды қола жүлдемен қуантты. Мылтық ату спортынан Александр Ле мен Ислам Сәтбаев Қазақстанның қоржынына алғашқы жүлдені салды. Дзюдодан Елдостың артынан 66 келі салмақта өнер көрсеткен Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Әйелдер арасындағы бокстан Назым Қызайбай төрешілердің шешімімен финалға шыға алмай, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Қазақстан 2024 жылы өткен Олимпиада ойындарында жүлделер саны бойынша 43 орынға табан тіреді, Қазақстанның үміті ақталмады, дегенмен 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарына қарағанда биыл еліміздің спортшылары жақсы көрсеткіш көрсете алды. 2028 жылғы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларына сәттілік тілейміз. 20 жасар Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов айтқандай: “Әншейіннен әншейін баруға болмайды ғой. Барған соң алтын медаль алу керек”.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie