"Ол жаңа идеяларды үйренгісі келеді". Стоилов - Нұрдәулетовтің Гезтептегі тағылымдамасы туралы
"Астананың" және Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов қазір "Гезтепенің" бас бапкері ретінде, қазақстандық маман Қайрат Нұрдаулетовтың тағылымдамасы жайлы
"Қайрат он күндік жаттығуды көруге және футбол туралы сөйлесуге келді. Ол жаңа идеяларды дамытып, зерттегісі келеді", - деді болгар маманы.
Айта кетейік, Нұрдәулетовтің тағылымдамасы шамамен бір аптаға созылады.
42 жастағы Нұрдәулетов ойын мансабын аяқтағаннан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеді, сондай-ақ U-21, "Мақтаарал" және "Жетісу" мен Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болды. 2018 жылы Нұрдәулетов пен Стоилов ҚР ұлттық командасында бірге жұмыс атқарды.
Қайрат Нұрдәулетов Станимир Стоиловтың жанындағы Гезтепеде тағылымдамадан өтуде