locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ойнап қана қоймай, жеңу керек: Черчесов Норвегиямен матчта үш ұпай үшін ойнайтынын айтты

Ойнап қана қоймай, жеңу керек: Черчесов Норвегиямен матчта үш ұпай үшін ойнайтынын айтты

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар Лигасының Норвегиямен матчы алдында команданың жаттығуында футболшыларға ойын тактикасын дайындау мен құруға қатысты нұсқаулар берді.

[Жаттығуда] қарсылас болмайды, бірақ біз қарсыласпен бірге дайындалып жатқандай жұмыс істеуіміз керек. Кейбір қарапайым нәрсені есептейік, біз оны сосын — түзетеміз. Бұл мүлдем қарапайым [алгоритмдер]. Неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым оңай болады. Тағы да, команда қандай да бір себептермен осал болған кезде... бұл болады – біреу менен күшті, біреу біреуден күшті. Бұл жақсы. Бұл бізге жеңуге көмектесетін қарапайым нәрселерді табу керек дегенді білдіреді. Ойнау емес, жеңу. Бұл футбол, көбісі ойнайды, бірақ аз адамдар жеңе алады. Біздің міндетіміз — кез келген жағдайда жеңе білу", - деді тәжірибелі маман Sports.kz берген сұхбатында.

Қазақстан-Норвегия матчы Алматының орталық стадионында 6 қыркүйекте сағат 19:00-де басталады.

Тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасы көрсетеді.

Айта кетейік, 3-топта Қазақстан Ұлттар лигасында Австрия және Словения құрамаларымен де ойнайтын болады.