Ойын керемет аяқталды. Әл-Наср қызыл қағазбен ойнай отырып Әл-Ахлиді жеңді


Сауд Про-лигасының 20-шы турының ойыны аяқталлы, онда “Әл-Ахли" өз алаңында “Әл-Насрды” қабылдады.
Есепті 32 минутта “Аль-Насрдың” жаңа ойыншысы Джон Дуран ашты. Ал 2-таймның басында әбігершілік болды – Майраши голының арқасында “Әл-Ахли” есепті теңестірді. Гол соққан соң Әли Майраши “Әл-Насрдың” ойыншысы Симаканның алдында арандатушылықпен тойлай бастады да, шынтақпен соққы алды. Матчтың төрешісі VAR-ды қарап шыққан соң, голды қабылдамады және Симаканды алаңнан қуды. Матч керемет аяқталды - 78 минутта есеп қайтадан теңестірілді, бірақ ол көп ұзамады. Екі минуттан кейін Эр-Рияд командасы алға шығып, соңынан Джон Дуран жеңісті қамтамасыз етті. Алаң иелері қарсылас қақпасына тағы доп соға алды, бірақ бұл нәтижеге әсер еткен жоқ. Нәтижесінде 2:3 есебі тіркеліп, “Әл-Наср” өте қиын кездесуден 3 ұпайға қол жеткізді.
Сауд Про-лигасы. 20-шы тур. 13 ақпан
Әл-Ахли - Әл-Наср - 2:3
Голдар: Тони, 78, Аль-Набит, 90+8 - Дуран, 32, 88, Яхья, 80.
Қызыл қағаз: Симакан, 47 (Әл-Наср).


Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30