locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Нәтижеге ғана көңілім толды». Қайрат Нұрдәулетов «Ертістің» алғашқы ойындарына баға берді

Футбол 24 сәу 2025 10:59
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Нәтижеге ғана көңілім толды». Қайрат Нұрдәулетов «Ертістің» алғашқы ойындарына баға берді
ФОТО: Ертіс ФК

Павлодарлық «Ертіс» клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Бірінші лиганың алғашқы турлары бойынша пікір білдіріп, командадағы оң нәтижелермен қатар, жетілдіруді қажет ететін тұстарды да атап өтті.

«Алғашқы екі ойынға тоқталар болсақ, тек нәтижеге ғана көңілім толды. Әрине, ең маңыздысы үш ұпай. Бірақ ойынның сапасын әлі де жақсарту керек. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Әлі де шыңдала түсуіміз қажет. Кез келген бапкер командасының ойынына ешқашан 100 пайызы көңілі толмайды. Сондықтан әлі көп жұмыс істеп, деңгейімізді көтеруіміз керек. Әрбір кездесуге 100% дайындықпен шығып, үш ұпай үшін күш салу керек»,– деді Нұрдәулетов KFF League-ке берген сұқбатында.

Сонымен қатар, бас бапкер қарсыластарды мықты немесе әлсіз деп бөлмейтінін, әр матчта барынша мұқият болу қажет екенін атап өтті.

«Барлық команда «Ертіске» қарсы ерекше жігермен ойнауға шығады. Соны ойдан шығармауымыз қажет. Өзіміз де әрбір қарсыласты құрметтеп, жақсы дайындықпен шығуға тырысамыз. Біреуді мықты, біреуді әлсіз деп бөлмеймін».

Маусымдағы басты мақсат туралы айта келе, Нұрдәулетов «Ертістің» Премьер-лигаға оралуға ниетті екенін нақтылады.

«Алға қойған мақсатымыз Премьер-лигаға шығу. Құдай қаласа, дегенімізге жетеміз деп сенеміз. Қазір көп жұмыс істелініп жатыр».

«Ертіс» Бірінші лигада маусымды сәтті бастап, алғашқы екі турда қатарынан жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастап келеді. Келесі матчта павлодарлық команда «Қайрат Жастар» ұжымымен кездеседі. Бұл ойын 25 сәуір күні өтеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie