locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Нұрсұлтан Құрман ҚФФ Президенттігіне кандидат Марат Омаровты қолдады

Нұрсұлтан Құрман ҚФФ Президенттігіне кандидат Марат Омаровты қолдады
ФОТО: kff.kz

ҚҚ-ның бұрынғы басшысы Адлет Барменқұлов отставкаға кеткеннен кейін, ең ықтимал ауысымшы болып АЗРК президенті - Марат Омаров жарияланды. Белгілі қазақстандық журналист - Нұрсұлтан Құрман ықтимал кандидатты қолдады.

Бүгінде көпті бұл азаматтың қазақ футболына қандай қатысы бар деген сауал мазалайтын секілді. Бірақ, Омаровтың футбол әлемінен хабары барын бірі білсе, бірі білмейді. Ол 2004-2010 жылдар аралығында Англияда білім алып, ағылшын футболының ішкі жүйесін көріп, төменгі лига командаларында біршама доп тепкен. Шыны керек, УЕФА құрамына өтсек те әлі кеңестік дәуірдің пұшпағынан шыға алмай келе жатқан қазақ футболына тың өзгерістер қажет. Және оны жүзеге асыру үшін Еуропаның озық тәжірибесін көрген азаматтар федерация басшылығына келу керек. Жас келсе іске деген. Сондықтан, Қазақстан футбол федерациясы Президенті болуға 36 жастағы Марат Омаровтың қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі жетеді деп есептеймін. Өзінің әзірлеген бағдарламасында қазақ футболына әкелетін жаңашылдық көп. Ескі жүйені жаңғыртып, еуропалық бағыт-бағдармен футболды жетілдіруді көздейді" — деп жазады Құрман.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie