locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Нұрәлі Әліп Жозе Моуриньоның командасымен кездесуі мүмкін

ФОТО:  ФК Зенит

Петербургтік “Зенит” қараша айында ұлттық құрама ойындарына үзіліс кезінде түрік клубы “Фенербахчемен” жолдастық матч өткізуді қарастырып жатыр.

"“Зенит” пен “Фенербахче” арасындағы жолдастық матч қараша айында өтуі әбден мүмкін. Ойын Стамбұлда өтуі ықтимал”, - деп мәлімдеді клубтың басқарма төрағасы Александр Медведев Sport 24 басылымына берген сұхбатында.

Ерекше назар аударатын жайт, “Фенербахчені” аңызға айналған португалиялық бапкер Жозе Моуринью басқарады, бұл екі клубтың кездесуіне қосымша қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, “Зенит” сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп өнер көрсетеді, дегенмен, ол бұл ойынға қатыспауы мүмкін, себебі Нұрәлі ұлттық құрамаға шақырту алады.