Нұрлан ҚОЯНБАЕВ: "Юрген Клоппты құрамаға шақыру керек"
Танымал қазақстандық продюсер Нұрлан Қоянбаев Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасындағы орны туралы ҚФФ ресми мәлімдемесінің астына пікір қалдырды.
“Әлем чемпионатында Қазақстан ойнайды”- деген мемлекеттік жоба керек! Осы нәтижеге жету үшін менеджерлер жинау қажет! Бүкіл әлем еститін қадамдар қажет! Бұл жобаның бас жетекшісі қылып - Юрген Клоппты шақыру керек! Оған әлемдегі ең қымбат айлық беру керек - мысалы 12 млн доллар!!! Ол ақшаны қайдан аламыз, проблем жоқ, жыл сайын Винокуровқа (Велосипед) берген ақшаны енді футболға берейік! Не үшін бәрі? Біздің елге үлкен серпіліс керек! Біріктіретін үлкен тірлік керек! Мақсат өзгерсе бәрі ойнап кетеді”, - деді Қоянбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Қоянбаев 2018-ден бері ҚФФ-тің бренд-амбасассадоры болып табылады.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:27
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34