locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нұрбол ЖУМАСКАЛИЕВ: “Кейбір сәттерде асығыстық таныттық”

KazFootball.kz Нурбол Жумаскалиев

Тобыл бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев ҚПЛ 19-туры аясында Атыраумен өткен тең ойын туралы өз ойымен бөлісті

“Керек емес гол жібердік, кейбір сәттерде асығыстық таныттық. Бірақ теңестірдік, екінші таймда жауапты гол соқтық. Сонымен қатар асығыстық таныттық. Жігіттерге ескерткен едік, бірақ жалпы ойынға барын салған жігіттерге алғыс білдіремін, жеңгіміз келген, бірақ бұл футбол. Атырау – жинақы, жақсы команда. Олар біздің қателікті күтіп, қарсы шабуыл арқылы ойнады”, – деген Жұмасқалиевтің сөзін Meta-ratings.kz жазады Тобыл баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Тобыл мен Атырау 1:1 есебімен тең ойнаған еді.