locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Нұрбол Жұмасқалиев: “Ойынға қойылған жоспар орындалды”

Нұрбол Жұмасқалиев: “Ойынға қойылған жоспар орындалды”
ФОТО: ФК Тобол

QFL Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 15-турында қостанайлық ұжым “Тұран” командасынан басым түсті.

Түркістанда өткен кездесуде “Тобол”, түркістандық команданың қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Есепті 21-ші минутта шабуылшы Кошта ашса, екінші таймда чемпионаттың үздік бомбардирларының бірі Ислам Чесноков есепті еселеді.

Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында “Тобол” командасының бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев өз ойымен бөлісті. Айтуынша, бүгінгі кездесуге көңілі толықтай толады.

"Ең алдымен, барша Қостанайлық жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Сондай-ақ, ойыншыларымызға жақсы ойын үшін алғысымды білдіргім келеді. Олар алға қойылған тапсырманы орындап шықты. Бірінші таймда сенімді ойнадық, ал екінші таймда қарқынды сәл бәсеңдеттік, бұл команданың физикалық жағдайына байланысты болды, себебі төрт күн бұрын Қостанайда "Ордабасы" командасымен кездесу өткіздік. Тағы да қайталап айтайын, нәтиже бізді толықтай қанағаттандырады. Ойын жоспары орындалды".

Сырт алаңдағы жеңіс қостанайлық команда үшін турнирлік кестедегі позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie