Нұралы Әліптің қарсыласы Азияның жылдың ең үздік жас ойыншысы атанды
Азиядағы жылдың ең үздік жас футболшысы атағы өзбекстандық ойыншыға берілді
Мәскеулік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев Азия футбол конфедерациясынан марапатқа ие болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 21 жастағы футболшы Өзбекстан құрамасының 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуына үлкен үлес қосты, сондай-ақ клуб деңгейінде де жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Файзуллаев Азияның ең үздік жас футболшысы атағын алған тарихтағы екінші өзбекстандық атанды. Бұған дейін 2015 жылы Достонбек Хамдамов дәл осы атаққа ие болған еді.
АФК нұсқасы бойынша Азияның үздік футболшысы атағы Катар құрамасының және “Әл-Садд” клубының шабуылшысы Акрам Афифке бұйырды. АФК-дан тыс лигаларда өнер көрсететін футболшылар арасында бұл марапат Оңтүстік Корея құрамасының және ағылшындық “Тоттенхэм” ойыншысы Сон Хын Минге табысталды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20