Нұралы Әліптің қалпына келу мерзімі белгілі болды
Футбол
07 жел 2024 11:11
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Матч ТВ
"Зенит" командасының бас бапкері Сергей Семак 18‑турдағы "Акронға" қарсы матч алдында "Матч ТВ" арнасында команданың қорғаушысы Нуралы Алиповтың қалпына келу мерзімі туралы айтып өтті.
Алип 17‑турдағы РПЛ аясындағы "Крылья Советов" (2:3) командасына қарсы өткен матчта 82‑минутта ауыстырылған болатын. Ол оң аяғын бұрып, ойынды жалғастыра алмады.
“Қазір ол гипстеліп, балдақпен жүр . Үш-төрт апта уақыт қалпына келуіне жеткілікті болар деп үміттенемін. Осыдан кейін ол жаттығуға қайта орала алады”, — деді Семак "Матч ТВ"-ға берген сұхбатында.
Танымал жаңалықтар
Хоккей
Бүгін 11:39