locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Нұралы Әліп: Орлов пайдаланылмаған мүмкіндік туралы

ФОТО:  ФК Зенит
Нұралы Әліп: Орлов пайдаланылмаған мүмкіндік туралы

Комментатор Геннадий Орлов “Зениттің” 24 жасар қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліптің Ресей премьер-лигасының 11-турында “Оренбургке” қарсы ойында (1:0) қақпадан жоғары тепкен соққысы жайлы пікір білдірді.

“Әліп — қорғаушы. Бірақ бірінші таймда оның позициясы өте ыңғайлы болды. Ол бұрылып, допты аспанға ұшырды… Сен тәжірибелі ойыншысың ғой! Шоғырлану керек еді. Оған ешкім кедергі жасамады, бірақ ол сасқалақтап, допты қақпадан әлдеқайда жоғары жіберді. Қорғаушы секілді допты қақпадан алыстатқандай тепті. Ал оған керісінше, қақпаға дәлдеу керек болатын,” - деп атап өтті Орлов “Спорт-Экспресс” басылымына берген сұхбатында.

2024/25 маусымында Әліп барлық турнирлерде “Зенит” сапында 11 матчқа қатысып, екі сары қағаз алды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie