Норвегия құрамасының көшбасшысы Қазақстанмен матчты өткізіп алады
Лондон "Арсеналының" және Норвегия құрамасының капитаны Мартин Эдегор тобық жарақатына байланысты ұлттық құраманың ойынына қатыспайды
Норвегия футбол федерациясының хабарлауынша, 25 жастағы футболшы Словения мен Қазақстанға қарсы Ұлттар Лигасының қараша айындағы матчтарын өткізіп жібереді.
"Ұлттық құраманың медициналық штабымен талқылаудан кейін, өкінішке қарай, менің жағдайым осы матчтарда ойнауға жеткіліксіз деген қорытындыға келдік. Мен ұзақ жаттығу кезеңінен өттім, ал сіз соңғы тоғыз аптада футбол ойнамаған кезде, әрине, сіз әлі 100 пайыз дайын емессіз. Мен өз денемді тыңдап, осы оңалту процесін аяқтап, аяғымды жақсы күйге келтіруім керек", – деп келтіреді Норвегия футбол федерациясы футболшының сөзін.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасының 6-туры аясында Норвегия-Қазақстан матчы 17 қарашада Ослода "Уллевол" стадионында өтеді. Кездесудің басталуы Қазақстан уақыты бойынша сағат 22.00-де.
Австрия құрамасының жаттықтырушысы команданың басты мәселесін Қазақстанмен матч деп атады
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52