locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Нико Уильямс жарақатына байланысты Испанияның алдағы ойындарына қатыспайды

Нико Уильямс жарақатына байланысты Испанияның алдағы ойындарына қатыспайды

Испания құрамасы мен “Атлетик Бильбао” клубының жас вингері Нико Уильямс жарақат алып, алдағы “Фурия Роха” матчтарына қатыса алмайды.

Испания құрамасының ресми сайтында футболшының бұл матчтарға қатыспайтыны хабарланды. Уильямс клубы мен ұлттық құраманың медициналық қызметтері арасындағы кеңесулерден кейін Испания құрамасының алдағы ойындарына қатыспай, Бильбаоға қайту жайлы шешім қабылдады . Оның орнына “Реал Сосьедад” ойыншысы Серхио Гомес шақырылды.

Айта кетейік, Испанияны алда 12 қазанда Данияға және 15 қазанда Сербияға қарсы Ұлттар лигасы матчтары күтіп тұр. Ұлттар лигасының алғашқы екі турында Еуропа чемпиондары 4 ұпай жинады.