Нико Уильямс «Реалды» күшейтуі мүмкін – мадридтіктер 58 миллион еуро көлеміндегі өтемақыны төлеуге дайын
Футбол
21 мам 2025
02:22

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Мадридтік «Реал» Бильбаоның «Атлетик» клубында өнер көрсететін вингер Нико Уильямсқа қызығушылық танытып отыр.
Marca басылымының хабарлауынша, 22 жастағы футболшының келісімшартын мерзімінен бұрын бұзу үшін «корольдік клубқа» 58 миллион еуро көлеміндегі өтемақыны төлеуге тура келеді.
Айта кету керек, бұған дейін Уильямсқа «Барселона» да қызығушылық танытқан болатын. Алайда енді жас испан ойыншысы үшін басты үміткер ретінде «Реал» алға шығып отыр. Егер бұл трансфер жүзеге асса, онда Родриго Гоэстің клубтан кетуі әбден мүмкін.
Нико Уильямс – «Атлетик» клубының түлегі. Ол 2024 жылы командасымен бірге Испания кубогын жеңіп алды. 2024/25 маусымында жартылай қорғаушы 44 ойын өткізіп, 11 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
Танымал жаңалықтар


Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек