locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Неліктен Килиан Мбаппе Зиданнан қашады? Шабуылшы өз ұстанымын түсіндірді

Футбол 18 нау 2025 07:56
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Неліктен Килиан Мбаппе Зиданнан қашады? Шабуылшы өз ұстанымын түсіндірді
ФОТО: Getty images

Килиан Мбаппе Мадридке көшкеннен кейін өзі жақсы танитын адамдардың ортасында қалды. Олардың қатарында Антуан Гризманн мен Зинедин Зидан бар. Алайда, егер Гризманнмен қарым-қатынасы жақсы болса, Зиданмен жиі кездеспеуге тырысатынын жасырмайды.

“Біз бірнеше рет жолықтық, бірақ мен мұны жиі қайталамауға тырысамын. Егер мен Зиданмен кездесетін болсам, бірден түрлі қауесеттер тарайды. Барлығы оның 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Франция құрамасының бас бапкері болу мүмкіндігі туралы айтып жатыр. Сондықтан мен бұл әңгімені қоздырмау үшін оған жақындамауға тырысамын. Бірақ Зиданды көру – әрдайым қуаныш”,-дейді Мбаппе Le Parisien басылымына берген сұқбатында.

Франция баспасөзі Зиданның ұлттық құраманың тізгінін ұстауы мүмкін екенін жиі талқылайды. Бірақ Мбаппе бұл туралы пікір білдіруден бас тартып, шешімді Франция футбол федерациясы қабылдайтынын айтты.

“Бұл менің құзыретіме кірмейді. Федерацияда президент Филипп Диалло бар – бұл шешімді сол қабылдайды. Әрине, бәрі Зидан туралы айтып жатыр, бірақ бұл менің пікір білдіретін тақырыбым емес,” – деді шабуылшы.

Бұған дейін Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам да Зиданның ұлттық құраманы басқаруы мүмкін екенін айтқан болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie