locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Неймарсыз күштері жетпеді. Сантос Паулиста плей-офф кезеңінен ұшып кетті

Неймарсыз күштері жетпеді. Сантос Паулиста плей-офф кезеңінен ұшып кетті
ФОТО: Getty Images

10 наурызға қараған түні Бразилияның Сан-Паулу штатының жартылай финалдық ойыны өтіп, онда “Коринтианс” өз алаңында “Сантосты” қабылдады.

“Сантостың” жұлдызы Неймар команда тізімінде болса да алаңға шықпады. Мемфис Депай “Коринтианс” сапында толық ойын өткізді.

12-минутта Депай командасына есеп ашуға көмектесті – оның пасынан кейін Юри Альберто допты қақпаға бағыттады. Қонақтар үзіліске дейін есепті теңестірді. Ал екінші таймда “Коринтианс” қайтадан алға шықты. Одан кейін есеп өзгерген жоқ, бірақ алаңдағы адамдар азайды. Ойынның соңында “Сантостың” екі ойыншысы қызыл қағаз алып, команда тоғыз адаммен қалды.

Паулиста. Жартылай финал. 10 наурыз

Коринтианс - Сантос - 2:1

Голдар: Альберто, 12, Гарро, 56 - Соарес, 38.

Қызыл қағаздар: Ивалдо, 81 (Сантос), Эскобар, 90+8 (Сантос).

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie