Неймар өзінің туған күнінде Сантос сапында дебют жасайды
Футбол
04 ақп 2025 15:16

Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы

ФОТО: Getty Images
Неймар өзінің 33-ші туған күнінде бразилиялық “Сантос” сапында дебюттік матчын өткізеді.
Клуб президенті хабарлағандай, ол жергілікті уақыт бойынша 5-ші ақпанда өтетін Паулиста лигасының “Ботафогоға” қарсы ойынына қатысады. Сондай-ақ клуб жұлдызды бразилиялықтың осы матчқа қайта оралуына көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
“Сантос” президенті Неймардың Еуропаға оралғысы келетініне қарамастан, оны 2026 жылға дейін ұстауға тырысатынын айтты. Айта кетейік, клубпен келісім-шарт 6 айға ғана жасалған болатын.
Неймар ұлттық құрамаға оралуға дайын және 2026 жылғы Әлем чемпионатына ниетті
Танымал жаңалықтар

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек