Неймар Нұрәлі Әліптің Зениттегі командалық әріптесі болуы мүмкін
Футбол агенті Паулу Барбоза “Әл-Хиләл” шабуылшысы Неймардың “Зенитте” мансабын жалғастыруы мүмкін екенін айтты.
“Бұл өте қымбатқа түседі. Бірақ теория жүзінде ол “Зенитте” ойнай алатын еді. Неймарға жайлы ортада, достарының қасында ойнау ұнайды. “Зенитте” шынымен көптеген бразилиялықтар бар, бірақ олар оның үнемі бірге ойнаған ойыншылары емес. Иә, олар жақсы ойыншылар, бірақ қарым-қатынас деңгейі әртүрлі. Ол, әрине, Суарес пен Мессимен бірге “Интер Майамиді” таңдар еді, өйткені олармен ұзақ уақыт бірге ойнап, жақын достық қарым-қатынас орнатқан”, — деді Барбоза “Спорт-Экспресс” басылымына берген сұхбатында.
“Әл-Хилал” Неймарды 2023 жылдың жазында “Пари Сен-Жерменнен” 90 млн еуроға сатып алды. Жарақаттарына байланысты бразилиялық шабуылшы Эр-Рияд клубы үшін бар болғаны жеті матчқа қатысты. Оның саудиялық клубпен келісімшарты келесі жазда аяқталады, ал Transfermarkt мәліметі бойынша, қазіргі нарықтық бағасы 30 млн еуроны құрайды.
Айта кетейік, “Зенит” құрамында қазақстандық қорғаушы Нұрәлі Әліп өнер көрсетеді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20