locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Негізгі құрамға жол – жалға беру арқылы: Хусанов «Манчестер Ситиден» уақытша кетуі мүмкін

Футбол 21 сәу 2025 12:18
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Негізгі құрамға жол – жалға беру арқылы: Хусанов «Манчестер Ситиден» уақытша кетуі мүмкін
ФОТО: Getty Images

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов алдағы трансферлік терезеде клубын ауыстыруы мүмкін.

Fichajes басылымының хабарлауынша, қысқы ауысым кезеңінде «Манчестер Сити» бұл 21 жастағы футболшыны 40 миллион еуроға сатып алған болатын. Алайда ол әлі күнге дейін негізгі құрамға орныға алмай келеді. Бұл жағдай клубтағы қорғаушылар арасындағы үлкен бәсекелестікке байланысты.

Бас бапкер Пеп Гвардиола Хусановты уақытша жалға беру бастамасын қолдаған. Оның пікірінше, жалға беру арқылы жас ойыншы еуропалық футболдың қарқынына бейімделіп, тәжірибе жинақтай алады.

Абдуқодирге АПЛ клубтарынан бөлек, Еуропаның жетекші чемпионаттарынан да қызығушылық танытқан командалар бар. «Сити» басшылығының ойынша, бұл жалға беру келісімі Хусановтың дамуына оң әсер етіп, болашақта команданың негізгі ойыншысы болуға көмектеседі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie