locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Нассер Әл-Хелаифи тығыз күнтізбе жайлы: "Егер ойыншылар мен клубтар разы болмаса — қатыспаңыздар"

ФОТО:  Getty images
Нассер Аль-Хелаифи тығыз күнтізбе жайлы: "Егер ойыншылар мен клубтар разы болмаса — қатыспаңыздар"

Соңғы апталарда тығыз футбол кестесіне байланысты жетекші ойыншылардың жарақат алуы мәселесі БАҚ-та ең көп талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. ПСЖ президенті Нассер Әл-Хелаифи де бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

“Егер ойыншылар мен клубтар разы болмаса — қатыспаңыздар. Мен әр елден тек екі клубтың ғана қатысуына қатысты шағымдарды естіп жүрмін, бірақ кейбіреулер одан да көп клубтың қатысқанын қалайды. Сол уақытта олар шағымданады. Бұл жағдайда бәріне бірдей ұнау мүмкін емес.
Күнтізбе әрдайым қиын мәселе болған. Оны барлық мүдделі тараптармен бірге, ашық және әділ түрде талқылап, барлық тараптарға тиімді шешім табу керек.”

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері “Реал” командасының оң қаптал қорғаушысы Дани Карвахаль ауыр жарақат алып, маусымның қалған бөлігін өткізіп алатын болды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie