locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нариман Құрбановқа автокөлік сыйға тартылды

Нариман Құрбановқа автокөлік сыйға тартылды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөлік сыйға тартылды.

Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортында тұңғыш рет гимнастикадан жүлде жеңіп алған Нариман Кұрбановтың еңбегі бағаланды.

Елдегі спорттың дамуына қосқан үлесі үшін Allur автомобиль компаниясы гимнастқа жаңа Skoda Kodiaq көлігін сыйға тартты. Еске сала кетейік бүгінге дейін Нариман Кұрбанов және бірнеше Олимпиада жүлдегерлеріне лайықты марапат болмады. Жанкүйерлер ашуланып, басшылар мен кәсіпкерлерге дереу әрекет етуді сұрады. Нәтижесінде олардың тілегі орындалды.

Нариманның өзің сыйлыққа бас қатырмайтынын, қажет болса өзі сатып алатынын айтқан болатын.