locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Наполи Аякстың экс-вингерімен келісімге келді.

Футбол 16 там 2024 06:10
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Наполи Аякстың экс-вингерімен келісімге келді.

Фабрицио Романо хабарлауы бойынша 27-жасар Давид Нерестің португалиялық «Бенфикадан» «Наполиге» трансфері толықтай аяқталды. Трансфер соммасы 30миллион еуро. Бразилиялық 2022 жылы Бенфикаға донецтік Шахтердан 15 миллион ауысқан болатын. Португалияда оң жақ вингер 83 матч өткізіп 17 гол соғып және 26 ассист жасады.

Нерес голландиялық Аякстың түлегі екенің еске сала кетейік. Амстердамдықтар сапында 2018/19 маусымда Эрик тен Хаг баптаған командамен сенсация жасап, Чемпиондар Лигасының финалына бір қадам жетпей тоқтап қалған болатын. Аякс сапында 180 ойын өткізіп 47 гол, 41 ассист авторы атанды.

Серия А 17 маусымда қайтып оралады. Астана уақытымен сағат 21.30 - да екі бірдей ойынның ысқырығы шалынады. Дженоа Интерды қабылдаса, Фиорентина Пармаға қонаққа барады.