locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Мюллер мансабын АҚШ-та жалғастыруы мүмкін

Футбол 13 мам 2025 01:05
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Мюллер мансабын АҚШ-та жалғастыруы мүмкін
ФОТО: Чемпионат

Германия құрамасының және «Бавария» клубының тәжірибелі жартылай қорғаушысы Томас Мюллер мансабын Америкада жалғастыруы мүмкін.

Танымал инсайдер Николо Скираның хабарлауынша, 35 жастағы футболшыға MLS-тің «Лос-Анджелес» клубы қызығушылық танытып отыр. Бұл — маусым соңында «Бавариядан» кететінін ресми мәлімдеген ойыншы үшін ықтимал нұсқалардың бірі.

Сондай-ақ Мюллерге Еуропадан екі клуб ұсыныс жасаған. Алайда бұл командалардың атауы әзірге құпия сақталуда. Қазіргі уақытта Томас алдағы жоспарларын ой елегінен өткізіп, мансабын аяқтай ма, әлде жаңа елде ойнай ма — соны шешуге ниетті.

Биылғы маусымда ол 43 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie