Мюллер - Бавария сапында ең көп ойын өткізген ойыншы
Неміс жартылай қорғаушысы Томас Мюллер "Бавария" рекордын жаңартты. Ойыншы клуб тарихында ең көп ойын өткізген ойыншы атанды.
Бундеслиганың екінші турында алаңға шыққан соң, Томас "Бавария" жейдесінде 710 ойын өткізді. Жартылай қорғаушы тізімде аңыз Зеппа Майерді бір ойынға озып, бірінші орынға шықты.
Айта кетсек, футболшы негізгі құрамда 2009 жылдан бері өнер көрсетіп келуде. Осыдан алдын қызылдардың жастар және екінші командасында ойнаған. Футболшы бавариялықтардың сапында 245 гол соққан. "Баварияда" Мюллерден көбірек тек Герд Мюллер және Роберт Левандовски соққан.
стеріңізге сала кетсек, "Бавария" сенімді түрде "Фрайбургты" 2:0 есебімен жеңді. Голдың авторларының бірі болып Томас Мюллер атанды. Команда 14 қыркүйекте "Хольштайн Киля" клубына қарсы кездесу өткізеді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20