Мудрик Погбамен жұмыс істеген заңгероерге жүгінді
"Челси" клубының шабуылшысы Михаил Мудрик допинг-тесттің оң нәтижесіне байланысты туындаған мәселені шешу үшін Morgan Sports Law заңгерлік компаниясын жалдады. Бұл туралы британдық "The Telegraph" басылымы хабарлады.
Дереккөздің мәліметі бойынша, Morgan Sports Law — бұл Поль Погбаның төрт жылға дисквалификацияланғаннан кейін апелляциямен жазасын 18 айға қысқартқан компания.
Бұған дейін "Челси" командасының бас бапкері Энцо Мареска Мудриктің соңғы матчтарда ойнамағанын оның ауруымен түсіндірген болатын. Кейін Мудрик полиграф арқылы тексеруден өтіп, өз организмінде тыйым салынған заттың пайда болуына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ағымдағы АПЛ маусымында 23 жастағы Мудрик жеті ойын өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді. Ал Конференция лигасында ол алты матчта үш гол мен үш нәтижелі пас берді.
IFFHS нұсқасы бойынша жылдың үздік қақпашылары белгілі болды
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:26
Футбол
Бүгін 03:05
Хоккей
Бүгін 02:09