locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Мұра жалғасуда: Криштиану Роналдуның ұлы Португалия U15 құрамасына алғаш рет шақырту алды

Футбол 06 мам 2025 07:48
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Мұра жалғасуда: Криштиану Роналдуның ұлы Португалия U15 құрамасына алғаш рет шақырту алды
ФОТО: Getty images

Аты аңызға айналған шабуылшы Криштиану Роналдуның ұлы - 14 жастағы Криштиану Роналду-Жуниор алғаш рет Португалияның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына ресми түрде шақырту алды. Қазіргі таңда Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы жанындағы академияда өнер көрсетіп жүрген жас шабуылшы 13–18 мамыр аралығында Хорватияда өтетін беделді халықаралық Vlatko Markovic Cup турниріне қатысатын ұлттық команда тізіміне енді.

Топтық кезең аясында Португалия U15 құрамасы Жапониямен (13 мамыр), Грекиямен (14 мамыр) және Англиямен (16 мамыр) кездеседі. Финалдық матч 18 мамырда өтеді, ал қарсылас кейінірек анықталады.

Ұлттық құрамаға алғашқы шақырту - Роналду Жуниор үшін кәсіби футболшы ретінде қалыптасуындағы маңызды кезең. Әкесімен байланысты аты оны спорттағы алғашқы қадамдарынан бастап еріп жүрсе де, жас ойыншы өзін тәртіпті, амбициясы зор және футбол интеллектісі жоғары шабуылшы ретінде көрсете білді. «Әл-Наср» клубына ауысқанға дейін ол «Ювентус» пен «Манчестер Юнайтед» академияларында да өнер көрсетіп, үздік өсу динамикасын байқатқан.

Криштиану Роналдудың өзі Азия чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады. Оның «Әл-Насры» жартылай финалда жарыс жолынан шығып қалды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie