Моуринью ноутбугын камераның алдына алып шығып, төрешінің шешіміне наразылық білдірді
"Фенербахче" мен "Антальяспор" арасындағы матч кезінде португалиялық жаттықтырушы Жозе Моуринью күтпеген жерден өзінің ноутбугын ойын көрсетіліп жатқан камераның алдына қойды, бұл арқылы ол төрешілердің қателігіне назар аудартқысы келді.
Кездесуден кейін Моуринью өз әрекетін былай түсіндірді:
"Маған жақсы VAR төрешілері керек. Олардың қай елден екені маңызды емес – Түркиядан ба, әлде басқа елден ме. Ең бастысы – төрешілерге дұрыс шешім қабылдауға көмектесу. Джекомен болған эпизодқа келсек, менің аналитигім маған ноутбуктан көрсеткен көріністе сол жақ қорғаушыға байланысты офсайд жоқ екені анық көрінді. Мен жай ғана ноутбукты камераның алдына қойып, сабырлы түрде әрекет еттім. Алайда, төреші маған сары қағаз көрсетуді ұйғарды",-дейді бапкер.
Осы оқиғаға қарамастан, "Фенербахче" 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Суперлига турнир кестесінде екінші орынды сақтап қалды.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35