Моуринью Англияға оралып, Эвертонды басқаруы мүмкін
Футбол
10 қаң 2025 00:40

Арсен Алиев
sports24 сарапшы

ФОТО: Getty Images
Түркияның "Фенербахче" командасының бас бапкері Жозе Моуриньо ағылшындық "Эвертон" клубының жаңа бас бапкері қызметіне басты үміткер ретінде қарастырылып отыр.
The Sun басылымының мәліметінше, португалиялық маман қазіргі бапкерді алмастыруға негізгі кандидат болып отыр. Қазіргі уақытта "Эвертон" Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 16-орында тұр, команда 19 ойыннан кейін 17 ұпай жинаған.
Еске сала кетсек, Моуринью "Фенербахчеге" 2024 жылдың жазында басшылық етуді бастады. Бұған дейін ол "Рома", "Тоттенхэм Хотспур", "Манчестер Юнайтед", "Челси", мадридтік "Реал", "Порту", "Лейрия" және "Бенфика" командаларын жаттықтырған болатын.
Анчелоттидің Суперкубок жартылай финалындағы жанжаол туралы пікірі.
Танымал жаңалықтар


Теннис
Бүгін 07:44
Пікірлер
Тек тіркелген пайдаланушылар пікір қалдырып, оларға жауап бере алады