Монаконың бұрынғы ойыншысы Бен Йеддер қыз зорлады деген айыппен шартты түрде сотталды
Франция құрамасының және “Монако” клубының бұрынғы футболшысы Виссам Бен Йеддерге шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды RMC Sport басылымы.
Ницца қылмыстық соты оны алкогольдік күйде жасаған сексуалдық зорлық-зомбылықта кінәлі деп тапты. Прокуратура шабуылшыға екі жарым жыл бас бостандығынан айыруды талап етті, оның бір жарым жылы шартты түрде.
Сот Бен Йеддерді ем қабылдауға міндеттеп, жәбірленушіге 6,5 мың еуро көлемінде өтемақы (5 мың еуро моральдық шығын және 1,5 мың еуро сот шығындары) төлеуді жүктеді. Сондай-ақ, футболшыға 5 мың еуро айыппұл салынып, алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Қыркүйек айында оған сексуалдық зорлық пен көлікті мас күйінде басқару айыптары тағылған еді. Оқиға 23 жастағы жәбірленуші әйелмен бірге Альпі аймағындағы көлікте болған. Жәбірленушінің адвокаты Бен Йеддерден жария түрде кешірім сұрауды және 25 мың еуро көлемінде өтемақы талап етті.
Соттағы мәліметтерге сәйкес, Бен Йеддер жәбірленушіге көлікте тиіскен, қолын жамбасына және иығына қойған, сондай-ақ оны сүймек болған. Бен Йеддер бұл жағдайды толық есіне түсіре алмайтынын, себебі мас болғанын айтты.
2023 жылдың жазында Бен Йеддерге тағы да сексуалдық зорлық айыптары тағылған еді: 19 және 20 жастағы екі қыз оны және оның інісін жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деп айыптады. Оқиға 10 шілдеде Монако маңындағы Босолей коммунасында орын алған. Сот оған зорлау, зорлауға талпыну және сексуалдық қудалау айыптарын тақты, дегенмен 900 мың еуро кепілмен босатқан. Іс әлі тергеуде. Сонымен қатар, желтоқсан айының соңында Бен Йеддер әйеліне қатысты психологиялық зорлық-зомбылық үшін сот алдында жауап бермек.
34 жастағы Бен Йеддер Франция құрамасында 19 матч өткізіп, үш гол соқты. Ол “Монако” клубында 201 матчта 118 гол соғып, жазда еркін агент ретінде клубтан кетті. Оның мансабында “Тулуза” мен “Севилья” клубтары да бар.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20