Мохаммед Салах “Ливерпульге” ерте оралды
Футбол
14 қаз 2024 02:20
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Мохаммед Салах “Ливерпульге” ерте оралды
32 жастағы футболшы Африка Ұлттар кубогының іріктеу кезеңінде Мавританиямен болатын матчқа қатысуы керек еді.
Бірақ Египет құрамасының бас бапкері Хоссам Хассан қарсыластың қатаң ойын стилі мен матчтың жасанды алаңда өту себебіне байланысты Салахты Англияға қайтарды.
- Египет футбол құрамасының капитаны Хоссам Хасан бастаған техникалық штаб команданың көшбасшысы Мохамед Салахпен сөйлесті. Талқылау барысында ойыншымен 15 қазанға жоспарланған Мавританиямен болатын алдағы матчтың орнына демалыс беру туралы келісімге келді, - деп жазды Египет футбол қауымдастығы.
“Ливерпуль” шабуылшысы 11 қазанда Мавританиямен болған алғашқы ойында бір гол соқты.
Танымал жаңалықтар
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35