locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мүмкіндік бар: Астана бапкерінің Браннға қарсы ойын алды пікірі

Футбол 28 там 2024 12:01
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Мүмкіндік бар: Астана бапкерінің Браннға қарсы ойын алды пікірі

Григорий Бабаян ("Астананың" бас бапкері) ойын алды баспасөз маслихатына қатысып, норвегиялық Браннға қарсы қарымта кездесу жайлы пікірімен бөлісті:

"Ертеңгі ойын маңызды болады. Біз конференция лигасының топтық кезеңіне бір қадамдамыз. Мүмкіндік бар. Мүмкіндік барда, біз барлық күшімізді ертең қалдырамыз. Біз "Қайратқа" қарсы ойын туралы ойлап жатқан жоқпыз. Барлық шешімді және ротацияны ойыннан кейін қабылдаймыз"

Бірінші ойында Қазақстандық клуб Норвегияда "Браннға" 2:0 есебімен жеңілді. Қарымта кездесу 29 тамыз күні, Астана уақытымен 19:00-де өтеді. Ойын Алматы Орталық стадионығда өтеді. Одан кейін елордалық клуб, 1 қыркүйек күні 18:00-де "Қайратқа" қарсы ойнайды.