МЛС. Жартылай финалда өнер көрсететін командалар анықталды
25 қараша, дүйсенбіге қараған түні МЛС плей-оффының ширек финалының соңғы матчы өтті. “Лос-Анджелес Гэлакси” мен “Миннесота Юнайтед” арасындағы кездесуден кейін жартылай финалға шыққан барлық командалар анықталды.
Жартылай финалға жолдама алғандар:
• “Нью-Йорк Ред Буллс”, өз қаласының қарсыластарын жеңді;
• “Орландо Сити”, “Атлантаны” ұтты;
• “Сиэтл Саундерс”, ФК “Лос-Анджелесті” тоқтатты;
• “Лос-Анджелес Гэлакси”, “Миннесотаны” 6:2 есебімен ойсырата жеңді.
Жартылай финал жұптары:
• “Орландо Сити” — “Нью-Йорк Ред Буллс”
• “Лос-Анджелес Гэлакси” — “Сиэтл Саундерс”
Екі жартылай финал да 1 желтоқсан, сенбіден жексенбіге қараған түні өтеді, Қазақстан уақыты бойынша: бірінші матч 4:30-да, ал екіншісі 8:00-де басталады.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:07
Теннис
Бүгін 01:30