Өміртаевтің голы, Аскаровтың пасы. Беларусьта қазақстандық дерби өтті
28 қараша, бейсенбі күні Беларусь чемпионатының 30-тур матчы өтті. Борисовтың БАТЭ клубы мен “Сморгонь”арасындағы ойын, алаң иелерінің пайдасына 7:4 есебімен аяқталды.
26 жастағы қазақстандық шабуылшы, БАТЭ ойыншысы Оралхан Өміртаев бұл ойынды командасының қосалқы құрамынан бастады. Ол алаңға 59-минутта, командасы 4:2 есебімен алда тұрған кезде шықты. Ал 73-минутта “Сморгонь”құрамында өнер көрсететін 21 жастағы қазақстандық қорғаушы Микаэль Аскаров ойынға қосылды.
83-минутта Оралхан “Сморгонь” қақпасына гол соғып, есепті 6:3-ке жеткізді. Арада жеті минут өткен соң, жерлесіміз Аскаров Терентий Луцевичке нәтижелі пас беріп, есеп 6:4 болды.
Беларусь чемпионаты. 30-тур матчы
БАТЭ — Сморгонь — 7:4
Голдар: Мартынов, 16, Джикия, 35, Жулпа, 49, Гицелев, 54, Русенчик, 63, Өміртаев, 83, Жимо, 90+3 — Камара, 8, Копытыч, 58, Луцевич, 73, 90.
Беларусь чемпионатының турнирлік кестесінде БАТЭ 30 ойыннан кейін 40 ұпай жинап, 7-орында тұр. Борисов командасы биылғы маусымдағы ойындарын аяқтады. Ал “Сморгонь” 12-орынға орналасып, 29 ұпаймен келе жатыр. 2 желтоқсан күні “Сморгонь”Минскінің “Динамосымен” кездеседі.
Футбол
Бүгін 10:30
Теннис
Бүгін 09:56