locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Өміртаев беларусьтік БАТЭ сапындағы алғашқы голын соқты

Өміртаев беларусьтік БАТЭ сапындағы алғашқы голын соқты
Өміртаев беларусьтік БАТЭ сапындағы алғашқы голын соқты

Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев беларусьтік БАТЭ сапындағы дебюттік голын соқты. Футболшы алаңға 67 минутта шықты.

Беларусь чемпионатының 19-турында “БАТЭ” өз алаңында “Торпеда-белАЗ” командасынан 1:2 есебімен жеңілді. 0:2 есебімен жеңіліп жатқан кезде алаңға Өміртаевты шығарды. Шабуылшы 82 минутта гол салып, есепті қысқартты. Бірақ бұл гол жеткіліксіз болды.

Айта кетейік, шабуылшы командаға осы жылдың шілде айында қосылған болатын. Осы уақытқа дейін 4 матчқа қатысты.

Оралхан командамен бірге келесі матчты қонақта өткізеді. Днепр Могилев барады. Матч 1 қыркүйек күні 19:30-да басталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie