locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Миланның жаңа ойыншысы жарақат алып қалды

Миланның жаңа ойыншысы жарақат алып қалды

Италиялық Миланның жаңа ойыншысы Альваро Мората дебюттік ойынында бұлшық етіп зақымдап алған. Футболшы "Ториномен" өткен тең ойында бір голмен көзге түскен болатын.

Sky Sports Italia мәліметінше шабуылшы ойыннан кейін ауырсыну сезген. Алаңға қашан оралатыны әлі белгісіз, бірақ үш апта көлемінде футбол ойнамайды. Егер жарақатынан сол уақытта айықпаса Чемпиондар лигасы кезінде командаға көмектесе алмайды.

Жазғы ауысым кезінде Альваро мадридтік "Атлетикодан" кетіп "Милан" сапына қосылды. Өткен маусымда ол "Атлетико" сапында 48 ойынға қатысып, 21 гол және 5 голдық пас берген. Одан бөлек шабуылшы Испания құрамасымен бірге Еуропа чемпионатын жеңіп алды. Құрамада капитан міндетін атқарған футболшы тек бір голмен ғана көзге түсті.

Милан келесі матчын Альваросыз қонақта Пармаға қарсы өткізеді. Ойын 24 тамызда Астана уақытымен 19:30-ға жоспарланған.