Михаил КОЗАЧКОВ: “Черчесовке тек мемлекеттік тілде сұрақ қоюды ұсынамын”
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қатысты дау әлі басылар емес.
Бас бапкердің қазақ тілінде сұрақ қойған журналисті, келеке еткені үшін басынан дау арылар емес. Отандық танымал журналист Михаил Козачков, бұл жайтқа өз пікірін білдіріп, бұдан былай Черчесовке тек қазақ тілінде сұрақ қоюды ұсынды.
- “Барлық әріптестеріме – ресейлік маманның баспасөз конференциясына баратын спорт журналистеріне – алдағы уақытта бас бапкерге тек мемлекеттік тілде сұрақ қоюды ұсынамын”, - деп жазды Козачков.
Кеше Қазақстан федерациясының президенті Әділет Барменқұлов бапкермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік тілге құрметсіздік танытқаны үшін айыппұл салынғанын хабарлады.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49