locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Мұхаммеджан Сейсен тамаша өнерімен шетелдік жанкүйерлердің назарын аударды

Мұхаммеджан Сейсен тамаша өнерімен шетелдік жанкүйерлердің назарын аударды
Фото: Астана ФК

“Астана” 2024/25 жылғы маусымдағы Конференция лигасының негізгі кезеңінің үшінші турында кипрлік “Пафос” клубына сырт алаңда 0:1 есебімен жол берді.

Бұл кездесуде ең көп назар аударған ойыншы “Астана” қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен болды. Оның әсерлі ойыны тек қазақстандық жанкүйерлерді ғана емес, ел шекарасынан тысқарыдағы футболсүйер қауымды да таң қалдырды.

““Пафос” жеңісті “Астана” мен қаһарман Сейсеннен соңғы минуттарда жұлып алды. Бұл ойын жанкүйерлерге нағыз драма сыйлады”, — деп жазады Gazzetta.gr сайты.

Айта кетейік, матч барысы Сейсеннің шебер сейвтерімен өрбіді. Бірінші таймда қазақстандық қақпашы жеті рет қауіпті шабуылдарды қайтарып, қарсыласқа қақпасына саңылау табуға мүмкіндік бермеді. “Астана” үзіліске дейін өз қақпасын “құрғақ” сақтап қала алды.

Екінші таймда ойын тағы да шиеленісіп, Сейсеннің шеберлігі талай рет назар аудартты. Қақпашы сейвтер санын 12-ге жеткізді. Алайда 87-минутта алаң иелерінің ойыншысы Андерсон Силва баспен дәл соққы жасап, өз командасына жеңіс сыйлады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie