Мұхаммеджан СЕЙСЕН: "Келесі жылы ұлттық құрамаға ораламын деп сенемін"
“Астананың” қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Sport+ басылымына берген сұхбатында елордалық клубтағы орны мен болашағы туралы және Қазақстан құрамасына қайта оралғысы келетінін айтты.
"Лига кубогын жеңгеннен кейін менде өте жағымды сезім болды, турнирде барлық ойындарда жеңіске жеттік, ең бастысы, мен үш кездесуде де қақпаны таза ұстағаныма өте қуаныштымын.
Ақпан айында оқу-жаттығу жиынына келгенімде, бас бапкер бізде бірінші, екінші немесе үшінші қақпашы деген ұғым жоқ екенін айтты. Кім жаттығуда өзінің бастапқы құрамға лайық екенін дәлелдесе, сол ойнайды.
Әрине, мен ұлттық құрамаға қайта шақырылуды асыға күтемін. Осы мақсатқа жету үшін мен жаттығуда бар ынтамен жұмыс істеп жүрмін. Қазір ұлттық құрамада бәсекелестік өте көп - Шацкий, Покатилов, сондай-ақ жас қақпашылар Шайзада, Анарбеков және мен. Тез арада біздің уақытымыз келіп, келесі жылы ұлттық құрамаға ораламын деп сенемін", – деді қақпашы.
Естеріңізге сала кетейік, Сейсен “Астанаға” жыл басында еркін агент ретінде көшкен болатын. Ол астаналық клуб сапында небәрі 5 ойын өткізіп, 2 гол жіберіп алды. Сондай-ақ ол Кипрдің “Пафос” командасымен ойыннан кейін Конференция лигасының негізгі кезеңінің үшінші турындағы аптаның құрамасына енді.
Футбол
Бүгін 13:58
Футбол
Бүгін 13:24