Mercedes Льюис Хэмилтонге эксклюзивті Sir Class көлігін сыйға тартты
Неміс компаниясы HOF Manufaktur жеті дүркін “Формула-1” чемпионы, “Мерседес” командасының шабандозы Льюис Хэмилтонға арнап, ерекше көлік жасады.
HOF Manufaktur ұсынған Sir Class көлігі Mercedes-AMG G63 негізінде құрастырылып, төрт литрлік қос турбиналы V8 қозғалтқышымен жабдықталған. Қозғалтқыштың қуаты 577 ат күшінен 1063 ат күшіне дейін арттырылған. Бұл көлік 100 км/сағ жылдамдықты небәрі 3,5 секундта бағындырады, ал ең жоғарғы жылдамдығы 300 км/сағ-тан асады.
Көлік көміртекті-керамикалық тежегіш жүйесімен және көміртек талшықтарынан жасалған сыртқы элементтерімен ерекшеленеді. Қара-күміс түстері мен көгілдір реңдері “Мерседестің” “Формула-1”-дегі көліктерінің дизайн үлгісін қайталайды.
Sir Class көлігінің барлығы 11 данасы ғана шығарылмақ, бұл Хэмилтонның “Мерседес” командасындағы маусым санына сәйкес келеді. Бір данасының құны 690 мың доллар. Алдағы маусымнан бастап британдық шабандоз “Феррари” командасын таныстырады.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 01:32
Теннис
Бүгін 00:35