locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Мен мұндай шешімдерді жек көремін». Эрик Кантона «Манчестер Юнайтедтің» жаңа стадионына қарсы екенін білдірді

«Мен мұндай шешімдерді жек көремін». Эрик Кантона «Манчестер Юнайтедтің» жаңа стадионына қарсы екенін білдірді
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Юнайтедтің» аңыз ойыншысы Эрик Кантона өзінің бұрынғы клубының басшылығын команданы «жойып жіберді» деп сынады және «Юнайтедтің» «Олд Траффордтан» көшуіне қарсы пікір білдірді.

Наурызда клуб иесі Джим Рэтклифф «Олд Траффордтың» орнына 2 млрд фунт стерлингке стадион салу жоспарын жариялады. «Қызыл сойқандардың» жаңа стадионы 100 000-нан астам көрермен сыйдыратын болады.

«Мен үшін «Арсенал» «Хайбериді» тастап кеткен кезде жанын жоғалтты және көптеген жанкүйерлер ескі аренаны сағынатынына сенімдімін. «Ливерпульдің» «Энфилдтен» басқа стадионда ойнайтынын елестете аласыз ба? Бұл мүмкін емес. Мен «Юнайтед» «Олд Траффордтан» басқа стадионда ойнай алмайды деп ойлаймын. Мен мұндай шешімдерді жек көремін», - деді Кантона.

Манкуниандықтардың болашақ стадионын Астанадағы «Бәйтерек» монументінің авторы ретінде қазақстандықтарға жақсы таныс сәулетші Норман Фостер жобалайды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie