Мейрамбек ҚАЛМҰРЗА: "Ойын алдында ешқандай қорқыныш жоқ"
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Мейрамбек Қалмұрза УЕФА Ұлттар Лигасының топтық кезеңінің бесінші турында Австрияға қарсы матч алдында өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
"Ел құрамасына шақырылғаныма қуаныштымын. Команда мені өте жылы қарсы алды. Қазір қарқынды жаттығып, аға және тәжірибелі ойыншылардан кеңес алып жатырмыз. Австрия құрамасы өте мықты, бірақ біз оларды өз алаңымызда таңғалдырып, жанкүйерлерімізге жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысамыз. Ойын алдында ешқандай қорқыныш жоқ”, - деп бөлісті Қалмұрза.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 14 қарашада УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Австрия құрамасымен өз алаңында матч өткізеді.
Бұған дейін Жан Әли Пайруз “Австрияға” қарсы матч алдында өз пікірін білдірген болатын
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52