locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мбаппенің “Сантьяго Бернабеудегі” алғашқы матчы. “Реал” “Вальядолидті” ірі есеппен жеңді

Мбаппенің “Сантьяго Бернабеудегі” алғашқы матчы. “Реал” “Вальядолидті” ірі есеппен жеңді

25 тамызда Испания чемпионатының екінші туры аясында мадридтік “Реал” өз алаңында “Вальядолидті” қабылдады.

Анчелотти шәкірттері “Вальядолидті” 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Алғашқы тайм жанкүйерлердің көңілінен шығатындай болмады. Реал допқа иелік еткенімен, гол соғуға көп мүмкіндік жасай алмады. Ал “Вальядолид” алаңда “Реалдың” қателіктерін күтіп, екінші болып ойнады.

Үзіліс “Реал Мадридке” оң әсер етті. Алаң иелері екінші таймға үлкен ынтамен шыққэты және екінші таймның алғашқы минуттарынан-ақ қарсыласты үлкен қысымға ұшыратты. “Реалдың” белсенді қарқыны өз нәтижесін берді. Айып добы соққысынан кейін жартылай қорғаушы Федерико Вальверде төменгі бұрышқа қатты соққы жасады және қақпашының оның соққысын қайтаруға шамасы келмеді – 1:0. Реалдың жаңа ойыншысы Килиан Мбаппенің бірнеше мүмкіндігі болды, бірақ шабуылшы гол соға алмады. Ойынның соңына қарай Браим Диас есепті 2:0 қылды. Эдер Милитао испандық ойыншыға алаңның бір шетінен екінші шетіне дейін дәл пас берді, ал Браим қақпашыны шеберлікпен алдап, допты қақпаға бағыттады. Дегенмен, Реал бұл голдан тоқтап қалмады. Жас талант Эндрик “Реал” сапындағы алғашқы голын соғып, есепті еселеді.

Ла лига. 2-тур, 25 тамыз

Стадион: Сантьяго Бернабеу

“Реал Мадрид” – “Вальядолид” – 3:0

Голдар: Вальверде, 50, Диас, 88, Эндрик, 90+6

“Реал Мадрид”: Куртуа – Карвахаль, Милитао, Рюдигер, Гарсия – Вальверде, Тчуамени – Родриго (Модрич, 69), Гюлер (Диас, 69), Винисиус (Себальос, 85) – Мбаппе (Ендрик, 85)

Ескерту: Вальверде, 52

“Вальядолид”: Эйн – Перес, Кюмарт, Бойомо, Роза – Юрич (Мартин, 71), Перес (Ндиайе, 85) – Санчес, Кавас (Амалла, 59), Мачис (Моро, 59) – Маркос (Силла, 71)

Ескерту: Маркос, 28