Мбаппе лига 1-дің тәртіптік комитетіне ПСЖ оған 55 миллион еуро төлемегенін айтты
Футбол
Бүгін 12:36
Азат Максутбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty images
Radio France басылымы жазуы бойынша, форвард сотта екі рет жеңіске жетсе де, Мбаппе Лига-1 тәртіптік комитетіне ПСЖ әлі 55 миллион еуро төлемегенін айтты.
Бұл комитет клубты Мбаппеге жоғарыда аталған соманы төлеуге мәжбүрлей алмайды, бірақ ол париждіктермен байланысып, оларға қарсы ықтимал санкцияларды еске салуы керек.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Францияның кәсіби футбол лигасы ПСЖ-ны футболшыға 55 миллион евро төлеуге міндеттеген болатын, бірақ клуб бас тартып, осы шешімге шағымданды. Париж клубының шабуылшыға қарыз сомасына төленбеген жалақы, сондай-ақ бонустар кіреді.
Танымал жаңалықтар
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13